Новости KZ

Kazakhstan Machinery Fair 2026: Машина жасау және металл өңдеу саласындағы жетекші шараға стендтерді брондау ашық

Машина жасау және металл өңдеу бойынша ең ірі халықаралық көрме — Kazakhstan Machinery Fair 2026 жылдың 1–3 сәуірі аралығында EXPO Халықаралық көрме орталығында (Астана қ.) өтеді. 2026 жылға орындарды осы сілтеме арқылы брондауға болады.

Өткізілген жылдар ішінде Kazakhstan Machinery Fair өзін саладағы басты алаң ретінде көрсетті. Бүгінде ол Қазақстан мен Орталық Азия кәсіби мамандары үшін негізгі шаралардың бірі, мұнда байланыстар орнатылады, трендтер талқыланады және әріптестік қатынастар қалыптасады.

Экспозиция бөлімдері:

  • Металл өңдеу жабдықтары
  • Құйма-пресс жабдықтары
  • Құю жабдықтары
  • Дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары
  • Кескіш құралдар мен аспаптар
  • Өлшеу машиналары, құрылғылар мен құралдар
  • Робототехника, өндірісті автоматтандыру, бағдарламалық жасақтама
  • Аддитивті технологиялар. Өнеркәсіптік 3D-баспа
  • Майлау материалдары және суыту-смайлау сұйықтықтары
  • Машина жасау кәсіпорындарының өнімдері
  • Электртехникалық жабдықтар мен бұйымдар
  • Өндірістік логистика және қойма технологиялары
  • Еңбек қорғау және жеке қорғаныс құралдары
  • Кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру

Өндірістік жабдықтар, автоматтандыру жүйелері, өндіріс процесін басқару шешімдері өндірушілері мен жеткізушілерін, сондай-ақ металл өңдеу мамандарын — Kazakhstan Machinery Fair көрмесінде өздерінің жаңа өнімдері мен технологияларын ұсынуға шақырамыз.

2025 жылғы көрсеткіштер көрменің нарықтағы берік позициясын және жоғары сұранысын растады: 24 елден 294 компания қатысты, ал кәсіби мамандар саны 3 865 адамды құрады. Жалпы экспозиция ауданы 10 000 м²-ден асып, көрме тарихындағы ең ауқымды шара болды. Қатысушылар қатарында: Hyundai WIA, CHIRON Group SE, KAMAZ, QazTehna, ALLUR, ISCAR Kazakhstan, Bodor, XT Laser, Zoller, KAPP NILES, IGM Robotersysteme, Robentex, SMWAutoblok, HORN, Welding Company, Motul және басқалар. Қазақстандық компаниялар өсіп келе жатқан технологиялық әлеуетін және экспорттық мүмкіндіктерін көрсетті. Үш күн ішінде ондаған нәтижелі кездесулер мен келіссөздер өтті.

Экспоненттерге мүмкіндіктер: Kazakhstan Machinery Fair көрмесіне қатысу сізге мүмкіндік береді:

  • Өз шешімдеріңізді мақсатты аудитория алдында таныстырып, олардың артықшылықтарын көрсету
  • Клиенттер және серіктестермен байланыс орнатып, ынтымақтастықты талқылап, іскерлік желіні кеңейту
  • Кәсіби ортада тәжірибе алмасып, саланың соңғы трендтерінен хабардар болу

Іскерлік бағдарлама

Негізгі оқиға — XIII Қазақстан машина жасаушыларының форумы, оған мыңнан астам кәсіпорын басшылары, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар және ірі тұтынушылар қатысады.

Өтетін орны

Көрме елорданың жүрегінде орналасқан EXPO Халықаралық көрме орталығында өтеді. Бұл — әлемдік деңгейдегі алаң, ол Kazakhstan Machinery Fair секілді ірі іс-шараларды өткізуге арналған заманауи инфрақұрылымға ие.

Ұйымдастырушылар: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Қазақстан машина жасаушыларының одағы және Astana Expo — Қазақстан мен Орталық Азияда 20 жылдық тәжірибесі бар көрме ұйымдастырушы компания, UFI — Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының мүшесі.

Kazakhstan Machinery Fair-ге қосылыңыз және өзіңіздің заманауи шешімдеріңіз бен технологияларыңызды көрсетуге, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және машина жасау мен металл өңдеу саласында мүмкіндіктеріңізді кеңейтуге бірегей мүмкіндік алыңыз!

Қатысу мәселелері бойынша:

Нұржан Төремуратов
T: +7 7172 64 23 23 (ішкі 230)
E: nt@astana-expo.com

Маркетинг және PR мәселелері бойынша:

Айгерім Мендибаева
T: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
E: ma@astana-expo.com