Новости KZ

Keruen Tech Trade, WeldExpert және ISCAR KAZAKHSTAN – нарықтың көшбасшылары біздің қатарымызда!

Keruen Tech Trade, WeldExpert және ISCAR KAZAKHSTAN Ltd. компаниялары 2026 жылдың 1-3 сәуірі аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтетін Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесіне қатысуын растады. Ірі жеткізушілер мен өндірістік компаниялардың қатысуы салалық технологиялардың жан-жақты ұсынылуын қамтамасыз етіп, іскерлік байланыстарды кеңейтуге қосымша мүмкіндік береді.

Keruen Tech Trade металды өңдейтін станоктар мен құралдарды жеткізу, іске қосу-жөндеу және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Компания Bodor секілді жетекші станок өндірушілерінің Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы болып табылады.

WeldExpert металды пісіру және кесуге арналған жабдықты, сондай-ақ пісіру жабдықтарын сату және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

ISCAR KAZAKHSTAN Ltd. Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінде IMC Group концерні өндіретін кескіш және қосымша құралдардың, аспаптар мен жабдықтардың толық ассортиментін ұсынады.

Kazakhstan Machinery Fair — Қазақстан мен Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы ең ірі халықаралық көрме. 6 жылдан бері көрме тәжірибе алмасу және серіктестік байланыстар орнату үшін алаңды ұсына отырып, жетекші өндірушілерді, өнім берушілерді және саланың кәсіпқой мамандарын біріктіріп келеді.

Қатысу және стендті брондау туралы толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді.
2025-12-08 13:32