Көрмелердің ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павел Утюпин, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілі Андрей Бабко және Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уфук Экиджи қатысты.
Екінші күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов экспозициямен танысты. «Қазіргі жағдайда Үкімет отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған саясатты жалғастыруда. Бұл қолжетімді бастапқы материалдармен және қаржыландырумен қамтамасыз ету, импортқа тәуелділікті қысқарту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңаларын құру», — деді Премьер-Министр және Үкімет бизнеспен ашық диалогке және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін қосты.
Қазақстанды, Аустрияны, Беларусьті, Германияны, Данияны, Израильді, Испанияны, Италияны, Ресейді, Түркияны, Өзбекстанды, Францияны, Чехияны, Швейцарияны, Швецияны, Оңтүстік Корея мен Иранды қоса алғанда, әлемнің 17 елінен 243 компания Kazakhstan Industry Week және Kazakhstan Machinery Fair көрмелерінің экспоненті болды. Экспозицияның жалпы алаңы 8860 шаршы метрді құрайды.
Қазақстандық және халықаралық компаниялар келесі тақырыптық бөлімдер бойынша өңдеу өнеркәсібіне, машина жасау мен металл өңдеуге арналған жаңа жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ дайын отандық және шетелдік өнімдерді көрсетті.
Қазақстандық экспоненттердің үлесі 50%-дан асып түсті және мынадай жетекші отандық компаниялармен: ААМЗ, КЕЛЕТ, KARLSKRONA, Welding Company, АгромашХолдинг KZ, QAZTEHNA, Kazrost Engineering, Kazakhmys, Kazakhstan Engineering, ҚазАзот, Қазфосфат, Aluminium of Kazakhstan және тағы да басқа компаниялармен ұсынылды.
60-тан астам ресейлік жабдықтарды өндіруші мен берушілер РФ өңірлерінің - Ресей экспорттық орталығының, Пенза облысының, Пермь өлкесі мен Башқұртстан Республикасының ұжымдық стендтері шеңберінде өз өнімдерін ұсынды.
Сонымен қатар, экспоненттер арасында: ALEMTRADE, Грундфос Қазақстан, Norgau Central Asia, FFG, Униматик, Промойл, БЕЛОРГСТАНКИНПРОМ, Turkish Machinery, Sewon-Vertex Heavy Industry, ALFLETH Engineering Ltd, HERMLE WWE AG, Iscar Ltd., Prima Power, Eurasia Special Machines және көптеген басқа да компаниялар.
Екі индустриялық көрменің синергиясы бірегей келушілердің саны мен сапасының өсуіне алып келді. Іс-шараға 3 470 маман келді.
Іскерлік бөліктің басты оқиғасы Қазақстан машина жасаушыларының X мерейтойлық форумы болды. Форумның секциялық отырыстары мынадай тақырыптарды қамтыды: ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, автомобиль жасау, жалпы машина жасау технологиялары, тау-кен металлургия кешеніне арналған машиналарды жасау, Алматы қаласында машина жасауды дамыту, электр техникалық машина жасау, машина жасауды инновациялық дамытудағы жастардың рөлі, Индустрия 4.0: Өнеркәсіптегі цифрландыру және роботтандыру, теміржол машиналарын жасау және мұнай-газ машиналарын жасау.
Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың айтуынша, форумның алаңында машина жасау саласын ғана емес, сонымен қатар, елдің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясының қалыптастырылуы, машина жасау кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етудің және жергілікті қамтуды дамытудың жаңа тетіктерінің әзірленуі форумның айрықша маңыздылығы болып табылады.
Kazakhstan Industry Week және Kazakhstan Machinery Fair келушілерін мазмұнды іскерлік бағдарлама күтіп тұрды, оның шеңберінде 37-ден астам іскерлік іс-шара өтті.
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы қосалқы келісімшарттардың V биржасын және «Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы» сессиясын өткізді.
«Clean Industry Solutions» конференциясы нарықтың проблемалық мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау үшін өнеркәсіптік компанияларға клининг қызметтерін ұсынатын компаниялардың өкілдерін жинады. Ұйымдастырушы: «QAZPROPERTY» басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы.
«ChemTech Kazakhstan» бөлімі шеңберінде «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» (ұйымдастырушы: KAZХИМИЯ химия өнеркәсібінің қауымдастығы) және «Химия саласы: проблемалар мен шешімдер» (ұйымдастырушы: «Қазақстан химия өнеркәсібінің одағы») тақырыптарында конференциялар өтті.
Сіздерді 2023 жылғы басты индустриялық оқиғада — Астана қаласында 10−12 мамырда «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін Kazakhstan Industry Week және Kazakhstan Machinery Fair көрмелерінде күтеміз.